Астанадан Павлодарға келе жатқан отбасы жоғалып кетті

Олар байланысқа шықпай қойған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Еріктілер мен полиция 10 ақпанда Астанадан Павлодарға келе жатқан үш адамды іздестіріп жатыр. Содан бері олардың орналасқан жері белгісіз, байланысқа шықпаған.
«Vita» еріктілерінің мәліметінше, 71 жастағы Бейбіткүл Мұхамеджанова және оның балалары, 44 жастағы ұлы Бауыржан Смағұл мен 39 жастағы қызы Әлия Мұхамеджанова жоғалып кеткен.
Бейбіткүл Мұхамеджанованың үстінде ұзын қара күзен пальто, қара велюр шалбар және қара етік киген. Өзімен жасыл сөмке болған.
Бауыржан Смағұл күзен жағалы қара күрте, қара джинсы, қара бас киім мен қара етік киген.
Әлия Мұхамеджанованың үстінде сұр күзен пальто, қара шалбар, ақ бас киім және қара етік болған.
Еріктілер жоғалғандар туралы мәлімет болса, +7 747 615 55 63 (Катерина), +7 777 334 82 01 (Светлана) немесе 102 телефондарына хабарласуды сұрайды.