Павлодар және Самарқанд университеттері серіктес болды
Торайғыров университеті Самарқанд экономика және сервис институтымен ынтымақтастық орнатты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
TOU баспасөз қызметінің мәліметінше, InnoWeek.uz халықаралық инновациялық идеялар апталығы аясында Ташкентте Қазақстанның жоғары оқу орындары өкілдерінің қатысуымен «Өзбекстан мен Қазақстанның жоғары білім, инновация ғылымы саласындағы ынтымақтастығы» атты форум өтті.
– Жаңа серіктестерімізбен студенттермен алмасу, оқытушылардың практикасы мен тағылымдамаларына бағыттау және бірлескен ғылыми жобалармен жұмыс істеу үшін өзара іс-қимылымызды осылай орнатамыз деп үміттенемін. Бүгінгі таңда қазақстандық жоғары білім беру жүйесінде жұмыстағы жаңа тәсілдер бағытын қолдайды. Білім алушылардың жаңа буындары өзгерді және олармен үлгі бойынша жұмыс істеу тиімсіз. Сондықтан бізге білім алушы жастармен жұмыс жасауда жаңа идеялар қажет, – деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.
Университет басшылығы Өзбекстанда ашылған инновациялық технологиялар апталығының алаңында олардың саны көп болатынына сенім білдірді.
InnoWeek.uz шығармашылық білім мен инновация тақырыбына арналды. Іс-шара 2018 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
Форумды Өзбекстан Республикасының Инновациялық даму министрлігі ұйымдастырады.