Павлодар қалалық мәслихатта екі жаңа депутатты сайлайды

Павлодар қалалық мәслихатта екі жаңа депутатты сайлайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оларды шығып қалған депутаттардың орнына тағайындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚР Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес 31 наурызға № 2, 22 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалғандардың орнына Павлодар қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауын тағайындады.

№ 2 сайлау округінің  комиссиясы қалалық №30 жалпы орта білім беру мектебінде орналасқан. Байланыс нөмірі: 8 (7182) 33-26-65. 

№ 22 сайлау округінің комиссиясы Ж.Ташенев атындағы жалпы орта білім беру мектебінде орналасқан. Байланыс телефоны: 8 (7182) 66-24-03. 

Еске сала кетейік, былтыр 19 наурызда Павлодар қалалық мәслихатының депутаттарының сайлауы өтті. Ол кезде № 2 сайлау округі бойынша – Санира Жүсіпова, ал № 22 сайлау округі бойынша  Олжас Рахметов сайланған еді.