Павлодарда қаңғыбас иттерге қатысты шағым көбейген

Павлодарда қаңғыбас иттерге қатысты шағым көбейген
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

109 қызметіне 3-9 ақпан аралығында барлығы 1417 өтініш түскен, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Оның 1276-сы немесе 90 пайызы орындалған, 141-і немесе 10 пайызы бойынша жұмыс атқарылуда. Павлодар қаласы бойынша өтініштердің бағыты келесідей: ветеринария – 246, электр желісі  – 193, денсаулық – 365, қар тазалау – 186, консультация – 275. Павлодар облысы бойынша тұрғындардың  109-ы немесе өтініштердің  84,9 пайыз call  орталық, 13,7 пайызы whatsapp, 0,9 пайызы инстаграм, 0,3 пайызы  Telegram, 0,2 пайызы мобильдік қосымша арқылы хабарласқан. 

Екібастұз және Ақсу қалалары бойынша өтініштердің 55-і су құбырлары, 12-сі электр желісі, 38-і денсаулық, үшеуі қар тазалау, алтауы консультация бойынша өтініш жолдаған. 

109 қызметінде ит қауып алған жағдайда дереу тұрғылықты мекенжайы бойынша медициналық қызмет алу үшін травматалогиялық пунктке жүгінуге, құтыруға қарсы екпе алуға кеңес береді.