Павлодар облысының бас спортшысы екібастұздықтарды үміттендірді

Павлодар облысының бас спортшысы екібастұздықтарды үміттендірді
Фото Kampus Production

Қалада боччадан қалалық турнир өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жарысқа қатысушыларды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Имашев құттықтап, алдағы уақытта да паралимпиадалық спорт түрлерін қолдауға уәде берді.

– Осы турнирді ұйымдастырған екібастұздықтардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Бүгін сіз осы тамаша жарысқа қатысуға келдіңіз, бәріңіз чемпионсыздар, мұнда жеңілгендер жоқ. Жарысқа келіп қатысуыңыз үлкен жеңіс. Өздеріңіз білесіздер, қазір заңнама өзгеріп жатыр, паралимпиада спортына үлкен басымдық беріледі. Біз техникамен қамтамасыз ету, жарыстар өткізу, жағдайды жақсарту мәселелерін бақылауда ұстаймыз, - деді Азамат Имашев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @sport_baskarmasy

Бүгінгі таңда Павлодар облысында бочканың даму деңгейі айтарлықтай жақсы. Осы спорт түрінің облыстық федерациясының басшысы Илья Теренченконың айтуынша, павлодарлық боччашылар республика бойынша үздік үштіктің қатарында.

2024 жылдың соңында Павлодарда инклюзивті спорт фестивалі өтті. Жарысқа үш адамнан тұратын 25 команда жиналды. Шараны «AMANAT» партиясы ұйымдастырды.