Павлодарда қайда жарық болмайды
Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 19 маусым күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда электр қуаты сөндіріледі:
- Қамзин көшесі, 16, 18, 18/1, 351;
- Онежская – Ворушин – Қамзин – Волочаевская, Онежская – Ворушин – Ладожская – Қамзин, Онежская – Қамзин – Новосибирская – Волочаевская көшелері алаңындағы тұрғын үйлер;
- «Энтузиаст», «Строитель» бағбаншылықтары.