Павлодарда қазақ халық ертегілерінің қуыршақ театры өтті

Облыс орталығында «Ұлы дала мұрасы» театралдық жобасы басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жобаны «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы ұйымдастырды. Ол Павлодар қаласының білім беру бөлімі жүзеге асыратын ТОП-10 жобаның бірі болып табылады.
Алғашқы кезеңде «Әжемнің ертегісі» қазақ халық ертегілерінің қуыршақ театры өтті. Оған Павлодар қаласының 25 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары қатысты.
Бірінші кезең қорытындысы бойынша екінші кезеңге С. Торайғыров, А. Шамкенов, А. Бөкейхан, М. Әлімбаев, Ж. Ташенев, А. Байтұрсынов, Малайсары батыр, Қ. Бекхожин атындағы мектептер, №39, 15, 29, 5, 33, 2, 27, 41 мектептер сәтті өткен.
«Ұлы дала мұрасы» театр жобасының екінші кезеңі 4 сәуірде өтеді. Екінші кезеңнің тақырыбы – «Қазақтың мифтік кейіпкерлері» қазақ мифологиясын театрландыру.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Ұлы дала мұрасы» жобасының алғашқы туры оқушыларды даярлаудың жоғары деңгейін және олардың қазақ фольклорына деген қызығушылығын көрсетті. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, педагогтарға қойылымдарға белсенді қатысқаны және кәсіби көзқарасы үшін алғыс білдіреді.
Фото «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы ұсынды.