Екібастұзда дүкен сатушысы кәмелетке толмаған балаға ішімдік сатқан

Екібастұзда дүкен сатушысы кәмелетке толмаған балаға ішімдік сатқан
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс сотта қаралады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары мас күйіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтер жүргізеді. Мысалы, Екібастұз қаласының Энергетиктер көшесіндегі дүкенде сатушы алкоголь өнімдерін сағат 23:00-ден кейін сатқан. Ал Абай көшесіндегі дүкенде сатушы 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сатқан. 

– Ішімдікті белгіленбеген уақытта, сондай-ақ, 21 жасқа толмаған адамға сатқаны үшін дүкен иелеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар одан әрі  сотқа жіберілетін болады. Сот органдары қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұзушыларға қандай жаза қолдану керектігін шешеді, – деді департаментте.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтар үшін Екібастұз полициясы ағымдағы жылы 27 фактінің жолын кесті. Барлық құқық бұзушылар қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапқа тартылды. Бұл фактілер алкоголь саудасы саласындағы заңнаманы сақтаудың маңыздылығын еске салады. Кәсіпкерлер сатудың заңнамада белгіленген уақытта жүргізілуін, мейрамханаларды, барлар мен кафелерді қоспағанда, сондай-ақ, 21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынғанын қадағалауға міндетті.

«Заң және тәртіп» қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған ішкі істер органдары қызметінің негізі болып қала береді.