Павлодарда ұлттық дәстүрлерді насихаттау және сақтау орталығы ашылды
Балалар мен жасөспірімдер ұлттық аспаптарда ойнауды, ән салуды және тағы басқасын үйренеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ішкі саясат басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс орталығында «Дос» балалар мен жасөспірімдер клубының базасында «Асыл мұра» ұлттық колорит орталығы жұмыс істейтін болады.
– Орталықта қазақ күресі, халық биі, домбыра, ұлттық ойындар (асық ату, бес асық, ханталапай, тоғызқұмалақ), садақ ату, тігін өнері, сәндік-қолданбалы өнер сияқты бірнеше бағыт бойынша оқыту жоспарлануда, – дейді «Дос» балалар мен жасөспірімдер клубында.
«Дос» балалар мен жасөспірімдер клубы көп жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұл Катаев көшесі, 97 мекенжайында орналасқан «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының бөлімшелерінің бірі. Орталықтың ашылу салтанатына «Нұр-Ана әлемі» қоғамдық бірлестігінен әжелер шақырылды.
Барлық үйірмелер тегін.
Посмотреть эту публикацию в Instagram