Ертіс ауданында оқушылар әскери техника макеттерін дайындады

Әрбір жұмыс ата-бабалардың ерлігiне деген сүйіспеншілікпен және терең құрметпен жасалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған «Сауытымыз мықты және танктеріміз де жылдам» атты әскери техника макеттерінің байқауы өтті. Балалар өз жұмыстарында пенопласт, картон, қағаз сияқты әртүрлі материалдарды қолданып, бояумен бояған.
Қатысушылар аңызға айналған Т-34-тен бастап өздігінен жүретін қондырғыларға, артиллерияға және бронды пойыздарға дейін ондаған жауынгерлік машинаның макеттерін ұсынды.
– Байқау Жеңіс күніне арналған аудандық іс-шаралардың маңызды бөлігіне айналды және қатысушыларға өз таланттарын көрсетуге, батырларға алғыс білдіруге мүмкіндік берді, – дейді Ертіс аудандық білім беру бөлімінде.
Қазылар алқасы масштабтың дәлдігін, тарихи шындықты және орындаудың өзіндік ерекшелігін бағалады.
Еске сала кетейік, 9 мамыр – Жеңіс күніне орай облыс бойынша 1000-ға жуық мәдени іс-шара жоспарланған. Облыстың музейлерімен фестиваль, көрме, байқау, тақырыптық кештер мен театрландырылған көрсетілімдер жоспарланған. 9 мамыр күні музейлерге кіру тегін болады. Иса Байзақов атындағы филармонияның концерттік залында симфониялық оркестрдің концерттік бағдарламасы тегін ұсынылады.
Жеңіс күніне арналған іс-шаралар облыс бойынша сағат 11.00-де Даңқ алаңдарында гүл шоқтарын қою рәсімінен басталады.