Павлодарда 2025 жылы спорттық инфрақұрылым жаңартылады
Облыс орталығында 50 ойын алаңы салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Бұл туралы аймақ басшысы Асайын Байханов Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Павлодар қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесуінде баяндады.
–Биыл қалада 108 ойын алаңы, 30 стритворкаут, 30 стритбол алаңы және 12 жаңа жасанды жабылған шағын футбол алаңы орнатылды, – деді облыс әкімі.
Аймақ басшысының айтуынша, келесі жылы 50 ойын алаңын, 60 стритбол алаңын, 55 стритворкаутты, 85 көшедегі жаттығу қондырғысын, 10 шахмат үстелін және 25 шағын футбол алаңын орнату көзделуде.
Биыл сегіз шағын алаңды және бір құрғақ субұрқақты абаттандыру жұмыстары аяқталды. «Зеленая роща» шаңғы орталығы өз жұмысын бастады, шаңғы роллерлік трассасы жөнделді, бұл республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.
2025 жылға арналған жоспарға 17 шағын саябақты, «Орталық» скверін және «Усолка» эко-саябағын қайта құру енгізілді. Сондай-ақ, билік Усолка шағын ауданының жағалауы мен шаңғы базасын байланыстыратын өзен вокзалының жанында көптен күткен жаяу жүргіншілер көпірін салуға кіріседі. Келесі жылы қалада 14 көшеде 44 шақырым жерде асфальт жаңартылады.