Павлодарда 22 қыркүйекте бірқатар көшеде жарық өшіріледі
Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты кейбір үйлерде электр энергиясы төрт сағатқа дейін уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін Черничная, Малиновая, Клубничная, Степная, Лимонная, Рябиновая, Каштановая, Северная, Вишневая, Грушевая, Центральная-1, Лесопосадочная, Перевалочная, Черемуховая көшелеріндегі бірқатар жеке тұрғын үйлерде электр қуаты болмайды.
Осы уақытта Гайдар, Сорокин, Ширяев, Ваккер, Ақкөл, Кедровая, Царев, Мичурин, Зеленая және Алмазная көшелеріндегі үйлер де жоспарлы ажыратуға ілігеді.
Сондай-ақ Сосновая – Баймұратов – Арғынбаев – Жасыбай және Байжанов – Жасыбай – Құрылысшылар өткелі – Ермаков көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлерде электр энергиясы уақытша тоқтатылады.
Лесозавод шағын ауданында да жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. «Весна», «Сосновый бор», «Иртыш» бау-бақша қоғамдары, сондай-ақ Ермаков, Жылқыбаев, Хрустальная, Аймауытов, Новоселов, Суров, Әуезов және бірқатар өзге көшелердегі үйлер жарықсыз қалады.
Ал сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Радиозавод шағын ауданындағы «А», «1А», «2А», «3А», «Б», «В», «С» және «Д» өткелдеріндегі жеке тұрғын үйлерде электр қуаты ажыратылады.