Павлодарда 35-ші театр маусымы «Менің атым Қожа» қойылымымен жабылады
Спектакль жасөспірім баланың мысалында ата-ана, мектеп және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасты ашып көрсетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы биылғы 35-ші маусымды әйгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесті бойынша дайындалған драмалық қойылыммен аяқтайды.
– «Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін...» деп басталатын повесті аға ұрпақ кезінде жата-жастана оқығаны мәлім. Қазақ балалар әдебиетіндегі шоқтығы биік туындының желісі бойынша сахналанатын қойылымда Қожаның басынан өткізген оқиғалары, сондай-ақ достық пен мейірімділік сынды киелі ұғымдар дәріптеледі, – делінген хабарламада.
25, 26 маусым күндері облыстық қазақ музыка-драма театрында «Менің атым Қожа» драмасы сағат 18:30-да сахналанады.