Павлодарда алаяқтар жеке ақпараттарды қайдан алады?

Павлодарда алаяқтар жеке ақпараттарды қайдан алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тәртіп сақшылары онлайн-сатып алу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Көптеген қылмыстың цифрлық ортаға көшуіне байланысты алаяқтар өздерінің заңсыз мақсаттарын жүзеге асыру үшін интернет-технологияларды, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді және электрондық төлем жүйелерін көбірек пайдаланады.

Облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Сұлтанбек Қадыржанов криптовалюта мен онлайн-платформаларды қолданатын алаяқтық жеке азаматтарға да, компьютерлік жүйелерді бухгалтерлік есеп, төлемдер өткізу және басқа да операцияларды жүргізу үшін пайдаланатын заңды тұлғаларға да қатты әсер ететінін атап өтті. Киберқылмыскерлер қоғамдық қатынастарды цифрландыруға және оларды заңсыз пайдалануға ықпал ететін онлайн қызметтердің көбеюіне ерекше назар аударады.

–  Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша облыстардағы аумақтық деңгейлерде киберқылмыспен күрес басқармасы құрылып, штатта жеті адам жұмыс атқарады.  Осы қауіп-қатерлерге заманауи технологиялардың көмегімен қарсы тұру үшін «Антифрод орталық» платформасы белсенді қолданылады. Бұл жүйе тіркелген интернет-алаяқтықтар бойынша «дропперлердің» шоттарын жедел бұғаттайды. Бүгінгі таңда 30 миллион теңгеге 52 банктік шот бұғатталды, – дейді Сұлтанбек Қадыржанов.

Сонымен қатар, интернет желісінде заңсыз контентті анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Сонымен, жыл басынан бері «Кибербақылау» бағдарламасын пайдалана отырып, заңсыз мазмұны бар сайттарға апаратын 247 сілтеме бұғатталған.

Тәртіп сақшылары онлайн-сатып алу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Тек тексерілген сайттарды пайдалану, тауарды алғаннан кейін төлем туралы келіссөздер жүргізу, оның бар-жоғын бейнеқоңырау арқылы тексеру және егер сатушы басқа қалада болса, таныстардан тауарды қабылдауды және жіберуді сұрау ұсынылады.

– Егер таныс емес сайттың сілтемесін жіберген болса,URL сілтемесін көшіру арқылы тексеруге болады. Себебі бұл банктік деректеріңізді ұрлауға тырысатын фишингтік сайт болуы мүмкін. Ал, құпия ақпараттар көбінесе «Glovo», «Volt», «Яндекс Gо» қосымшалары арқылы тарап кетуде. Хакерлер дерекқорды бұзып, ақпаратты таратады. Сондай-ақ, банкке алаяқтық мақсатта жұмысқа тұрған қызметкерлер де жеке ақпараттарды таратып жібереді, – деді спикер.  

Еске сала кетейік, өткен жылы тамыз айында банктерді бейне биометриясын жүргізуге міндеттейтін заң енгізілген болатын. Қазіргі уақытта Павлодар облысы бойынша қылмыстық істі тергеу барысында банктер адамның биометриясын жүргізбеген үш факт анықталды. Бұл екі микроқаржы ұйымы және бір банк. Қазір сот процесстері жүргізілуде. 

Облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі алаяқтар vpn-де отыратындықтан келіп олардан келіп түскен қоңыраулар Нидерланд, Украина, Тайланд, Түркия елдерінен түскен сияқты көрінетінін, ал, шың мәнінде, алаяқтардың банктік шоттардан ақша шешуі көбінсе Беларуссия, Польша, Молдовада, Ресей мемлекеттерінен тіркелетіні анықталғаның атап өтті.