Павлодарда Егордың 2026 жылғы алғашқы оңалту еміне жиын жалғасуда
Бүгінгі таңда қайырымды жандардың көмегімен 300 мың теңге жиналып, емдеу орталығына алғашқы билеттер сатып алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» еріктілер ұйымының мәліметінше, Егордың анасы Екатерина ұлының болашағына бейжай қарамай, қол ұшын созған әрбір жанға шексіз алғысын білдіруде.
– Бүгінгі күнге дейін қайырымды жандардың арқасында 356 000 теңге жиналды. Сіздер – біздің тірегімізсіздер, жолымызды нұрландырып жүрген жандарсыздар, – дейді анасы толқыныспен.
Жиналған қаражаттың арқасында отбасы емдеу орталығына алғашқы билеттерді сатып алды. Әзірге билет тек бір бағытқа ғана алынды, себебі жиналған сома соған ғана жетіп отыр. 2026 жыл Егор үшін жаңа мүмкіндіктер мен кішігірім жеңістер жылы болады деп күтілуде, өйткені бұл оңалту курсы бұрын нәтиже берген процедураларды жалғастыруға мүмкіндік береді.
– Қазіргі таңда Егордың емін жалғастыру үшін қосымша көмек қажет. Тіпті аз ғана соманың өзі баланы терапияға, сабақтарға және толық сауығу мүмкіндігіне жақындата түспек. Қайырымды жандарды Егордың «сиқыршысына» айналып, оған жарқын болашақ сыйлауға шақырамыз, – деді еріктілер.
Көмек көрсету реквизиттері: Kaspi Gold және Halyk: 8 (747) 615-55-63 (Егордың анасы Екатерина).
Еске сала кетейік, Егорға қойылған диагноз өте күрделі: ауыр формадағы атипті аутизм, сөйлеу қабілетінің толық болмауы (ОНР 1 типі), мидың ақ затының лейкоареозы және кистасы.