Павлодарлықтар мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының куәгерлері бола алады

Павлодарлықтар мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының куәгерлері бола алады
Фото: pixabay.com/manfredrichter

Шара «Астана» мұз сарайында өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһар тұрғындары 12-14 желтоқсан аралығында «Астана» мұз сарайында өтетін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионатын және арнайы әзірленген гала-шоуды тамашалай алады.

Шара барысында елдің үздік спортшылары өз шеберліктерін көрсетіп, керемет көріністер мен әсерлі қойылымдар ұсынады.

Айта кетейік, кіру тегін.