Асайын Байханов шарбақтылықтардың сұрақтарына жауап береді

Асайын Байханов шарбақтылықтардың сұрақтарына жауап береді
Фото: Валерий Бугаев

Кездесуді тікелей эфирден көруге болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 9 желтоқсан күні сағат 11.00-де Тәуелсіздік көшесі, 26 мекенжайы бойынша орналасқан Шарбақты ауылының халық шығармашылығы орталығында Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Шарбақты ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді.

Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ескерту: эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қосылатын болады.