Павлодарда алаяқтық схемаларда қолданылынған SIM-box жабдығы тәркіленді

Павлодарда алаяқтық схемаларда қолданылынған SIM-box жабдығы тәркіленді
Фото: облыстық ПД ұсынды

Қаладағы пәтерлердің бірінде жабдық пен телефон карталары орналасқан «офис» анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Белгілі болғандай, облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны биылғы жылдың 12 маусымынан бастап SIM-box пайдаланған. Ол Telegram мессенджері арқылы куратордан нұсқаулар алып отырған. Ер адамның міндетіне SIM-карталарды тіркеп, кейін оларды SIM-box-қа орнату. Атқарған жұмысы үшін ай сайынғы ақы «Kaspi» арқылы төленген.

– Аталған дерек бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу бастады. Күдікті Павлодар қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Абетжанов.

Тінту барысында тәртіп сақшылары 32 слотты SIM-box, MikroTik желілік трафикті басқару құрылғыларын, ұялы телефондар мен ноутбукты тәркіледі.