Павлодарда арнайы комиссия жылуға қатысты мәселе туындаған үйлерге барады
Қала әкімі Хасар Хабылбеков тұрғындардан жылу жетіспеушілігіне қатысты өтініш түскен үйлерге барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тұрғын үй инспекциясы мен «Павлодар жылу желілері» ЖШС бірлесіп, тексеру барысында Ткачев көшесі, 17 үйден басқа мекенжайларда жылу параметрлері қалыпты, кестеге сәйкес келетіні анықталды. Шаһар басшысы Усолка шағын ауданындағы аталған үй бойынша «Павлодар жылу желілері» ЖШС-не параметрлерді қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Басқа мекенжайларда қызмет көрсетуші компаниялар ішкі жүйелерді реттейді.
– Тұрғын үй инспекциясы бөлімі арнайы комиссия құрды, оның құрамына «Павлодар жылу желілері» ЖШС мен ПИК те кіреді. Комиссия азаматтардың жылу жетіспеушілігі мәселесіне қатысты өтініштері бойынша үйлерге барып, осы фактілерді тіркеп, тиісті шаралар қабылдайды, – дейді Хасар Хабылбеков.
Жылу жетіспеушілігіне қатысты кез келген жағдайда қала әкіміне direct-ке жазуға болады. Бұл ретте мекенжай мен кері байланыс үшін нөміріңізді жаза кету қажет. Барлық өтініштер арнайы комиссияға жіберіліп, бақылауға алынады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram