Екібастұзда өрт болған үйден ес-түссіз жатқан адам табылды
Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамырда сағат 17.06-де Королев көшесі, 84 мекенжайы бойынша пәтерден түтін шыққандығы туралы хабарлама түскен.
– Оқиға орнына келгенде жиһаз және кіреберістің жанып жатқаны анықталды. Өрттің көлемі төрт шаршы метрді құрады. Сондай-ақ пәтер иесі ес-түссіз күйде жатқан. Өрт сөндіру бөлімі үш адамды эвакуациялады, бір адам – 1966 жылы туған пәтердің иесі құтқарылды, – дейді департаментте.
Үш техника және Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 10 адам жіберілді. Өрт сағат 17.25-те оқшауланып, сағат 17.37-де толығымен жойылды.