Павлодарда ашық аспан астындағы раритетті сандықтар көрмесі ұсынылды

Павлодарда ашық аспан астындағы раритетті сандықтар көрмесі ұсынылды
фото: Константин Шелков

Наурыз мейрамына орай экспозицияға 20-ға жуық сандық қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазах халқы тұрмысының ажырамас бөлігіне айналған сандықтардың түр-түрі бар: көнеден заманауи сандықтарға дейін. 

Әз Наурыз аясында облыс орталығындағы колледж бен мектеп ұжымдары осылайша павлодарлықтардың ыстық ықыласына бөленді. 

«Жас дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің тәрбиешісі Мадияр Ахметовтің айтуынша, басты мақсат – жастарға сандықтың мән–маңызы туралы айтып, ата–бабаларымызың бай мұрасы паш ету. 

– Сандық – көшпенді халықтың тұрмысындағы ыңғайлы және көне заттардың бірі. Бабаларымыз бұл жиһаздың ішінде бәрін сақтаған: ас, киім мен бағалы заттар. Көрмемізде бірқатар ағаштан жасалған раритетті сандық бар. Кезінде әжелеріміз сүр ет, құрт, тәттілерді сақтаған. Ал Наурыз айы келгенде бұның барлығын шығарып, көршілер мен туыстарына дәм таттырған. Игі дәстүрді жастарымыз да білсін деген ниетіміз бар, – дейді Мадияр Ахметов. 

«Сандықтар көрмесі» – жай ғана шара емес, жұртшылықты көшпенділер мәндениетімен жақынырақ таныстыру мүмкіндігі.