Павлодарда «Ашық есік күні» өтеді

Павлодарда «Ашық есік күні» өтеді

Мұнда павлодарлықтар бірқатар мәселелер бойынша ақпарат ала алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шара 12 маусымда өтеді.

- Ашық есік күні тұрғындар халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй қатынастары, сәулет және ауыл шаруашылығы салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша сұрақтарына жауап ала алады, - делінген хабарламада. 

Айта кетелік, аталмыш шара 12 маусым күні сағат 9:00-дан 12:00-ге дейін Кривенко көшесі, 25 мекен-жайында орналасқан «Open Pavlodar» сервистік әкімдігінде ұйымдастырылады.