17 маусымда Павлодар облысында қатты жаңбыр мен жел күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 9-14, найзағай кезінде екпіні 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша температура түнде +15...+20°C, күндіз +28...+33°C болады. Жаңбыр, найзағай күтіледі.
Солтүстікте, облыстың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты дауыл күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы түнде +17...+19°C, күндіз +25...+27°C көрсетеді. Күн бұлттанып, жаңбыр мен бұршақ жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады.