Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жәрмеңкеге төрт ауданнан тауар әкелінеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 27 қыркүйек күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда.

Жәрмеңкеге Аққулы, Ертіс, Тереңкөл, Успен аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады. Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының («Народный») және Ақсу қаласының («Saryarqa» фермерлік базары), сондай-ақ облыстың 10 аудандарында ұйымдастырылады, – делінген хабарламада.

Өтетін мекенжайы: Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы).