Павлодарда көшелердің бірінде көліктер үшін қозғалыс шектелді

Өзгерістер бір күнге енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
12 қыркүйектен 13 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Лермонтов көшесі бойымен Ак. Бектұров көшесінен М. Жүсіп көшесіне дейінгі аралықта автокөлік құралдарының қозғалысына шектеу қойылады. Қоғамдық көлік әдеттегідей қатынайды.
Қалалық ТҮКШ АЖ және ЖК бөлімі жүргізушілерден алдын ала жүретін бағытты жоспарлауды және қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.