Ауа райына байланысты Павлодарда сабақтар онлайн өтеді
Бұл шешім мектепалды даярлық топтарына және 1-9-сыныптардың I ауысымындағы оқушыларға қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодар қаласының мектептеріндегі оқушылар 10 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтықтан оқыту форматына көшіріледі.