Павлодарда ұсталар арасында байқау жарияланды

Павлодарда ұсталар арасында байқау жарияланды
Фото: https://pixabay.com/ru

Өтінімдер 5 қазанға дейін қабылданады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz. 

Жастар бастамаларын дамыту орталығы  әуесқой және кәсіби ағаш ұсталарын креативті конкурсқа қатысуға шақырады. 

–  Қатысушылар қазақ ұлттық мәдениеті мен дәстүрлі өнерінің элементтері бар ағаш фигура немесе декор нысанын (мүсінше, сәндік элемент, миниатюралық мүсін, сәндік панель және т.б.) жасауы тиіс. Ою-өрнектер мен нышандарды кез келген тәсілмен оюға болады, – деді орталықта.  

Толық ақпаратты 8 (707) 665 58 03 телефоны арқылы білуге болады.