Ақсулық тұрғын өзін балағаттаған адамға жұдырық ала жүгірді
Осылайша екеуі де заң жүзінде жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы полиция департментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ер адам өзін қорлап, балағаттаған азаматқа жұдырықпен жауап беруді жөн көрген. Сот отырысы барысында үйлердің бірінің кіреберісінде белгісіз адам қала тұрғынына қатысты дөрекі сөз сөйлегені және өзін агрессивті ұстағаны анықталды.
- Жанжалдың екі қатысушысы да полицияға жүгінді. Сот отырысы барысында полиция қызметкерлері балағат сөздер айтқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік материал жасады. Екіншісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру бойынша әкімшілік материал жасалды. Материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді, - делінген хабарламада.
Айта кетелік, ұсақ бұзақылық қоғамдық орындарда балағат сөздер айтуды, жеке тұлғаларды қорлауды, тұрғын үй-жайларды қорлауды және басқаларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттерді білдіреді. Тәртіп сақшылары мұндай бұзушылықтар айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға жол беретінін ескертеді.
Ағымдағы жылы Павлодар облысында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін барлығы 105 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде қоғамдық орнында балағат сөздер айтқаны үшін 20 адам жазаланды.