Екібастұзда жанармай бекетінде болған өрт сөндірілді
Оқиға орнында үш адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Екібастұз қаласында автогаз бекетінің жарылуы салдарынан үш адам медициналық көмекке жүгінен.
– Медициналық бригада шұғылдықтың бірінші санаты бойынша оқиға орнына шықты. Жедел жәрдем 2 минутта жетті. Медициналық көмекке үш адам жүгінді,– деді басқармада.
Өрт куәгерлері қатты стресске ұшыраған. Олардың бірі қайтыс болған 17 жастағы баланың анасы. Қалғандары 1991 және 1974 жылы туылған әйел азаматтар. Ауруханаға жеткізудің қажеті болмады.
Облыстық ТЖД хабарлауынша, өрт 15:44-те толығымен сөндірілді.
Еске сала кетейік, Екібастұзда автогаз бекеті жарылып, үлкен өрт шықты. Ол көршілес тұрған дүкенге көшті. Жарылыс салдарынан 17 жастағы бала мерт болды.