Павлодарда білім ошақтарының терроризмге қарсы қауқары тексерілуде
Терроризмге қарсы бағытталған жаттығулар 25 қыркүйекте басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Шара мемлекеттік және жеке мектептерде оқушылардың, мұғалімдердің және қызметкерлердің қатысуымен өткізіледі.
- Оқу – жаттығу шеңберінде білім беру объектілерін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық шеңберінде бекітілген алгоритмдер пысықталуда, - делінген хабарламада.
Оқу бағдарламасында мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарына арналған нұсқамалар, алгоритмдер бойынша қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялауды ұйымдастыру, техникалық құралдарды тексеру (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар), дабыл түймелерінің көмегімен шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет етуін пысықтау іске асырылуда.
28 қыркүйекте терроризмге қарсы жаттығулар Малайсары батыр және А.Шамкенов атындағы мектептерде сағат 9:30-дан 11.00 аралығында өтеді.
Осындай іс-шаралар өңірдегі колледждерде іске асырылуда. Оқу-жаттығу 29 қыркүйекте аяқталады.