28 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады

28 қыркүйекте Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: pixabay.com

Облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады. 

Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды. 

Түнде ауа температурасы +6...+11, күндіз +13..+18 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі, түнде жаңбыр жауады. 

Солтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды.

Сынап бағанасы түнде +7...+9, күндіз +16...+18 градус көрсетеді.