Павлодарда бірқатар тұрғын үйлерде жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 мамыр күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Ак. Сәтбаев көшесі, 257-334, 267 (монша), 304 («Маяк» дүкені);
- П. Васильев көшесі, 3 (балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы);
- Гагарин көшесі, 2/3, 2/4 (әкімшілік ғимараттар);
- Ак. Марғұлан көшесі, 317-350.
Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін:
- Малайсары батыр көшесі, 13/1 («B4 group» компаниясы), 13/2 (автосервис), 13/3 (автоәйнектерді орнату және жөндеу орталығы), 15, 17, 19, 21 («Ваш» дүкені), 23, 25, 27 («Сибирь» дүкені), 29, 31, 33.