Шыбын-шіркей: Павлодар облысында қандай аумақтар өңделеді?

Шыбын-шіркей: Павлодар облысында қандай аумақтар өңделеді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ауа райына байланысты түзетулер енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, ғылыми топтың ұсынысы бойынша 13 маусым күні келесі жұмыстар жоспарлануда:

- сағат 05:00-тен бастап Ертіс ауданында авиаөңдеу.

- сағат 10:00-нан бастап Теплая саласын өзенді өңдеу.

- сағат 10:00-нан бастап Павлодар, Ақсу қалалары және жағалау аудандарында фенологиялық бақылау жүргізу.

- сағат 11:00-ден бастап Тереңкөл, Павлодар аудандарында жаяу өңдеу.

- сағат 11:00-дан бастап Ертіс ауданының Кеңес, Ынтымақ, Қараөткел, Иса Байзақов ауылдарында, Тереңкөл ауданының Карасук, Ынталы, Тереңкөл, Жаңабет, Жасқайрат ауылдарында, Аққулы ауданының Бесқарағай, Аққулы, Жаңатаң, Әйтей, Шабар, Шәмші, Қарақала, Қызыл-Қоғам, Ямышево, Жамбыл, Тілектес ауылдарында, Ақтоғай ауданының Қожамжар, Жоламан ауылдарында, Железин ауданының Үрлітүп, Прииртышск, Башмачное, Железин, Моисеевка, Пятирыжск, Береговое ауылдарында, Павлодар ауданының Мичурино, Жаңа қала, Набережное, Сычевка ауылдарында тосқауылды өңдеу.

- сағат 18:00-ден бастап Май ауданының Жұмыскер, Қызылеңбек, Майтүбек, Қаратерек ауылдарында тосқауылды өңдеу.

- сағат 21:00-ден бастап Теміржол көпірінен Усолка шағын ауданына дейін, жағалау, шаңғы базасын, Усолка көпірі бөгетті қамтып, Павлодар қаласының аумағында тосқауылды өңдеу.

Ғылыми сүйемелдеу бойынша облыстық мердігерлік ұйым ЖШС ҒӨК «Биосфера». «ВиК ЛТД» ЖШС облыстық мердігерлік ұйымы өңдеу жұмыстарын жүзеге асырады. «Мурза Строй» ЖШС Май ауданының, «Сервис «Дезо» ММ Аққулы ауданының, 

«ИнжСтройПроект» ЖШС Железин ауданының мердігерлік ұйымы өңдеу жұмыстарын орындайды. 

Жұмыстың барлығы тапсырыс беруші мен ғылыми сүйемелдеу мамандарының тікелей қатысуымен жүргізілетін болады.