Павлодарда біреудің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды акция өтеді

Павлодарда біреудің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін маңызды акция өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

2 ақпанда облыстық қан орталығында сүйек кемігі донорлары күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шараға 18 бен 45 жас аралығындағы барлық қала тұрғындары қатыса алады. Донор болу үшін бар болғаны тоғыз миллилитр қан тапсыру жеткілікті. Қатысушылар өздерімен бірге жеке куәлігін алып келуі қажет.

Акцияның негізгі мақсаты – сүйек кемігі донорларының ұлттық регистрін кеңейту, жаңа еріктілерді тарту және халық арасында сүйек кемігі донорлығының маңыздылығы туралы ақпараттандыру.

Орталық мамандарының айтуынша, сүйек кемігі донорлығы – көптеген науқастар үшін өмірге қайта оралуға мүмкіндік беретін жалғыз жол. Әрбір донор бір адамның тағдырын өзгерте алады.

Қосымша ақпарат алу үшін Павлодар облыстық қан орталығының  +7 (7182) 32-48-32 нөмірі бойынша хабарласуға болады.