Павлодарда бірқатар үйлер мен нысандарда электр жарығы болмайды
Энергетиктер жабдыққа жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, 9 ақпанда «Қалалық электр желілері кәсіпорны» кәсіпорнының мамандары ТҚ-87, тарату құрылғылары – 0,4 кВ қондырғыларына жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Осыған байланысты сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Торайғыров көшесі, 77, Едіге би көшесі, 76 және М.Жүсіп көшесі, 4 көшелерінің бойындағы тұрғын үйлерде электр қуаты өшіріледі. Осы үйлерде, сондай-ақ М.Жүсіп көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан кәсіпкерлік нысандарында да электр жарығы болмайды.