Павлодарда балаға дауыс көтерген тағы бір қызметкер балабақшадағы жұмысымен қоштасты
Оқиғаның куәгері қыздың анасы болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралиннің айтуынша, оның қабылдауына №82 арнайы балабақшаның төрт жасар тәрбиеленушісінің ата-анасы келген. Мектепке дейінгі мекеме өтемдік және түзеу-дамытумен тәрбиелеу әрі оқыту негізінде жұмыс істейді. Оған көз патологиясы бар балалар келеді. Тәрбиеленушілердің негізгі диагноздары страбизм және амблиопия.
Бүгінгі таңда балабақша ғимаратына күрделі жөнде жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осы аралықта бүлдіршіндер №35 балабақшаның ғимаратына ауыстырылған.
- Қыздың анасы тәрбиешінің қызына көтеріңкі дауыспен сөйлеп тұрған сәтінің куәсі болғанын айтты, - деді Қуаныш Қыдыралин. - Қыздың көзі жұмылулы болуы керек болған. Бұл балабақшаның ерекшелігі осындай. Алайда бала тыңдамаған болса керек. Мұндағы мұғалім алмастырушы болды.
Сонымен қатар, ата-аналар не болғанын бейнебақылау камералары арқылы бақылай алмаған. Себебі 17 топтың екеуіндегі бейнекамералар жұмыс істемейді.
— Кабельдер сатып алынды, бірақ орнатып үлгермедік, қазір бұл мәселе шешілді, — деп сендірді қалалық білім бөлімінің басшысы.
Мұғалімнің көмекшісі жұмыстан босатылып, екі мектепке дейінгі мекеменің басшысы сөгіс алды.
Істі Павлодар облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Наталья Покидова да қарады.
- Мен балабақша әкімшілігімен және тәрбиешілермен балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау және мұндай фактілердің алдын алу бойынша нұсқауларды сақтау туралы сөйлестім, - деді Наталья Покидова Instagram парақшасында.
Павлодар қаласының әкімдігі №82 арнайы балабақша ғимараты кем дегенде тағы екі ай жөндеуден өтетінін қосты.
Еске сала кетейік, жақында «Самал» оңалту орталығында балаларға дөрекілік танытып жатыр деп ата-аналар шағымданған еді. Тәрбиешінің көмекшісін жұмыстан шығарды. Полиция ҚР ҚК-нің 140-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.