Павлодарда балалар асфальтқа сурет салып жарысты

Павлодарда балалар асфальтқа сурет салып жарысты
Фото: Білім бөлімі

Шараға 40-тан астам бала қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалақ Балалар көркемсурет мектебі кәдесый жасау бойынша шеберлік сабағын, асфальтта сурет салу байқауын өткізді. Іс-шараларға № 17, 27 мектептерінің 3 - 4-сыныптарынан 40-тан астам оқушы қатысты.

Шеберлік сабағының шарттары бойынша қатысушылар жеңіл пластилин мен картоннан «Жапсырма» техникасында «Жарқын күн»  тақырыбында кәдесыйлар орындады. № 27 ЖОМ оқушылары өздері үшін күн бейнесіндегі үлкен алқа түрінде 26 түрлі-түсті бұйымдар жасады.

«Менің Астанам», «Қазақстан» тақырыптарында асфальтта сурет салу байқауына № 17 мектебінің 16 оқушысы қатысты. Балалар жұмыстарында Бәйтерек, Хан Шатыр, ЭКСПО сияқты  еліміздегі белгілі нысандарды, Қазақстанның пейзаждарын көруге болады. 

Байқау қорытындысы бойынша 10 оқушы түрлі жүлделі орындарға ие болды. Олар Павлодар қаласының білім бөлімінің дипломдарымен марапатталды.