Павлодарда басты шыршаның шамдары жағылады: бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі
Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
20 желтоқсан күні сағат 17:00-де Павлодар қаласында басты жаңа жылдық шыршасының шамдары жағылады.
Іс-шара барысында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарады.
Осыған байланысты сағат 16:00-ден 22:00-ге дейін қаладағы бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Атап айтқанда:
- Лермонтов көшесі – Академик Сәтбаев көшесі;
- Лермонтов көшесі – Астана көшесі;
- Естай көшесі – Астана көшесі;
- Естай көшесі – Академик Сәтбаев көшесі;
- Академик Бектұров көшесі – Кривенко көшесі;
- Академик Бектұров көшесі – Қайырбаев көшесі.
Полиция департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.