Кәмпиттің дауы: Ақсу әкімі келеңсіз жайтты түсіндірді

Кәмпиттің дауы: Ақсу әкімі келеңсіз жайтты түсіндірді
Фото: Константин Шелков

Келеңсіз жайт жеткізушінің кесірінен орын алған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов қалада орын алған жайт жайлы түсіндірді. Балаларға арналған шыршада мерзімі өткен кәмпитті сыйлық ретінде берілген. Әкімнің айтуынша, бұл - жеткізушінің кінәсі. 

 – Өкіншке орай, жаңа жылдық шырша мерекесі аясында келеңсіз жайт орын алған екен. Бұған кінәлі – жұмысына салғырт қараған жеткізуші. Шыршаға шақырылған балалар мен олардың ата-аналарынан кешірім сұраймын, –  дейді әкім әлеуметтік желіде. 

Әкім оқиғаға қатысы бар қызметкерлер мен жауапты адамдар тиісті жазасын алатынын атап өтті. 

Еске сала кетейік, Ақсуда ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған. Бұл жайлы әлеуметтік желіде ата-аналардың бірі мәлімдеген.