Екібастұзда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті

Екібастұзда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 26 желтоқсанда сағат 07.35 шамасында  Абай - Павлов көшелерінің қиылысында «Chevrolet Tracker» маркалы автокөлікті басқарған жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, – дейді департаментте.

Автомашина мамандандырылған тұраққа қойылып, сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.