Павлодарда бау-бақша ұрысы қолға түсті
38 жастағы ер адам бағбандардың мүлкін ұрлап келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұрлық "Здоровье" бау-бақшасы аумағында болған. Ұры саяжай иелерінің жоқтығын немесе учаскелерде жұмыс істемейтінін пайдаланып, аумаққа еркін кірген.
- Бұл адам 18 қыркүйекте Калиновая көшесіндегі саяжай аумағына заңсыз кірген деген күдікке ілінген. Ол 160 мың теңгеден астам ақша қаражатын ұрлаған. Сол күні Березовая көшесіндегі басқа үйге кіріп, 150 мың теңгеден астам соманың мүлкін қолды еткен, - делінген хабаламада.
Бұдан бөлек, ер адам басқа да ұрлыққа қатысы болуы мүмкін деп айыпталды. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді.
Полицейлер биыл облыс аумағында 1155 бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі тіркелгенін атап өтті.