Павлодарда бағбаншылық маңында мылтықпен жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Ер адам бұрын сотталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында «Яблонька» бағбаншылығы маңында облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны ұсталды. Тексеру кезінде ер адамнан бір оқпанды аңшылық мылтық, 28 калибрлі және 28 калибрлі екі гильзаның кесіндісі табылды және тәркіленді.
– Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қылмыс жасауға қарудың қатысы бар-жоғын анықтау үшін баллистикалық сараптама тағайындалды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Айта кетейік, полицейлер биылғы жылдың басынан бері облыстың ішкі істер органдарында тіркелмеген 29 қаруды тәркілеген. Барлық фактілер бойынша тергеу жүргізілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram