Павлодарда автобуста жолақы төлемеген ер адам айыппұл төлеуі мүмкін
Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл арқалауы немесе әкімшілік қамауға алынуы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бақылаушы №10 бағыттағы автобустан билеті жоқ жолаушыны тапты. Ол жол ақысын төлеуден бас тартты.
- Жүргізуші маған жақындаған кезде ғана төлеймін, қаласаңыз полиция шақырыңыз, - деп келтіреді жолаушының сөзін «Smart Avtobys PV» компаниясы.
Бақылаушы патрульді шақырып, полиция пунктінде билетсіз жүрген адамға қатысты арыз жазды.
- Материал ҚР ҚК 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік сотқа жолданады, - деп хабарлады облыстық полиция департаментінде.
Тәртіп бұзушыға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
«Smart Avtobys PV» автобустарда құқық бұзушылықтарды жазып, дәлелдеуге мүмкіндік беретін бейнебақылау камералары бар екенін еске салды.
Фото: Константин Шелков