Екібастұзда зорландым деген жалған ақпарат берген қыз бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Екібастұзда зорландым деген жалған ақпарат берген қыз бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл қылмысы үшін үш жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің анасы Instagram желісіндегі парақшасында қызының зорлыққа жығылғаны туралы жазған.

Жәбірленген қыздың сөзінше, 10 қаңтарында оны алдап техникалық қызмет көрсету станциясына кіргізген. Зорлаушы оны таңғы сағат беске дейін ұстаған. Оқиғадан кейін қыз досына барғып, жағдайды айтып берген. Досы полиция шақырып, қызды ауруханаға жатқызған.

– Полицияға барғанда қызымның барлық киімдері қан-қан болды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары барлық қажетті сараптамаларды жүргізіп, жыныстық қатынас болғаны анықтады, – деп жазды анасы.

Ұсталған күдікті қызды ұрып-соққанын және онымен келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскенін растаған.Бірнеше күннен кейін жігіт анасымен татуласқысы келген. Анасы қызына келтірілген зақым үшін екі миллион теңге шығын белгілеп, 1,5 миллион теңгеге түсірген.

Осыдан кейін күдікті анасына хабарласпай, жәбірленушіні арыздан бас тартсын деп қорқытқан.

– Менің қызым қорыққаннан қарсы талап арызды жазған болатын. Сол себептен прокуратураның тергеу бөлімі қызым бойанша адамға жалған шағым бергені үшін қылмыстық іс қозғалды. Енді ол үш жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп жазды анасы.

Полицейлер жыныстық қатынастың ерікті екенін анықтады.

– Қала тұрғынының зорлау дерегі туралы арызы бойынша қылмыстық іс тергелді. Қажетті жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, жыныстық қатынас келісім бойынша болғаны анықталды. Қыздың жалған ақпарат бергенін ескеріп, жалған хабарлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді облыстық полиция департаментінде.

Қазір зорлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлердің мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық істің тергеуі ерекше бақылауға алынған.