Павлодарда Берел жәдігерлері көрмесі ашылды

Павлодарда Берел жәдігерлері көрмесі ашылды
Фото: Потанин мұражайы

Экспозицияда сақ мәдениетіне жататын бірегей археологиялық олжалар қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Берел қорғандары – Алтайдың мәңгі мұрасы» атты көшпелі көрме салтанатты түрде ашылды.

Көрмеде Берел жылқысының ат әбзелдерінің көшірмелері, сондай-ақ соңғы жылдары «Берел» музей-қорығы жүргізген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған экспонаттар таныстырылды. Олардың қатарында 2019 жылы табылған, 2800 жылдан астам тарихы бар алтын әшекейлер, бұғы-грифон бейнелі сүйектен жасалған ат әбзелдері, ер және әйел адамның бас сүйектері бойынша жасалған антропологиялық реконструкциялар, зооморфты тұтқасы бар қола айна, әйел адамның әшекей бұйымдары және басқа да археологиялық құндылықтар бар.

Экспозиция 19 қараша мен 19 желтоқсан аралығында жұмыс істейді.