Павлодарда екі саяжай отқа оранды

Павлодарда екі саяжай отқа оранды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы сағат 04:36-да «Яблонька» бау-бақша аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 

– Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер екі саяжай үйін шарпыған өртті сөндірді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді жұмысының арқасында өрт басқа саяжайларға таралуына жол берілмеді. Өрттің себебі анықталуда,– деді департаментте.

Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Саяжай учаскелерінің иелері өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелердің аумағын құрғақ шөптен, қоқыстардан және тез тұтанатын материалдардан уақтылы тазартуды және бақша аумағында от жақпау қажет.