Павлодар облысының екі ауданында ауыл әкімдері ауысты

28 қыркүйекте Тереңкөл және Шарбақты аудандарында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Калиновка ауылдық округінде сайлаушылар тізіміне 1235 азамат енгізілді. Дауыс беруге 696 сайлаушы қатысты. Жалпы үш кандидат тікрелген болатын.
Сайлау нәтижесінде 474 дауыс жинаған 37 жастағы Зарина Амарбаева Шалдай ауылдық округі әкімі болып сайланды.
Калиновка ауылдық округінің халқы да әкімді сайлады. Дауыс беруге 266 сайлаушы қатысты. Үш үміткердің арасында 155 дауыспен Дамир Смағұлов жеңіске жетті.
Калиновка ауылдық округінің жаңа әкімі 31 жаста. Ол бұрын әкімнің орынбасары болып жұмыс істеді.
Биылғы жылдың соңғы сайлауы 12 қазанға жоспарланған. Онда Баскөл ауылдық округінің тұрғындары жаңа әкімін сайлайды.