Павлодарда монша жанды

Павлодарда монша жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрттің себебі анықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 ақпанда сағат 22:43-те Қамзин көшесінде жеке меншік ағаш монша өртенгені туралы хабарлама түскен.

– Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері   жолға шықты. Жалпы ауданы 70 шаршы метр аумақта моншаның ағаш конструкциялары жанған, – деп хабарлады департаментте.

Тілсіз жау сағат 00:29-да сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге 39 адам және тоғыз техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, медициналық апаттар орталығы, қалалық желі, «102» қызметі шықты.