Павлодарда боччадан паралимпиада жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді
Облыстық спорт басқармасы спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жергілікті спортшылар 7-9 желтоқсан аралығында боччадан ҚР Кубогына қатысып, жарыс жүлдегерлері атанды. Қалалық жастар бастамаларын дамыту орталығында облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко мен спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Есембаев жүлдегерлермен кездесіп, салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.
Спортшылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды. Сондай-ақ, депутат Гнел Акопян тәтті сыйлықтар таратты.
Еске сала кетейік, желтоқсанның басында Астана, Алматы қалаларынан және Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Абай, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарынан келген 50-ден астам мықты боччист өзара бақ сынасты. Торайғыров университетінің студенті Александр Құрмантаев бочча республикалық турнирінде 48 ұпай жинап, үздік атанды. Ал маусымда Астанада өткен ҚР чемпионатында ақсулық спортшылар балалар паралимпиадасы бойынша бақ сынап, 7 медальға қол жеткізді. Олардың алтауы алтын, біреуі қола медальмен оралды.