Павлодарда бос орындар жәрмеңкесі өтеді
Жұмыс берушілермен тікелей тілдесу мүмкіндігі болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
13 ақпанда Жастар бастамаларын дамыту орталығында сағат 11:00-де бос орындар жәрмеңкесі басталады.
Өңірдің жетекші компаниялары бос орындарын ұсынып, сұхбаттасу өткізеді. Сондай-ақ, резюме дайындау және мансап жолы бойынша пайдалы кеңестер беріледі.